Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 139-орында тұрған, ресейлік, 20 жастағы Полина Кудерметовамен кездесті.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен таласады.
Д.Векич бастапқы кездесуінде рейтингте 43-сатыдағы ресейлік Варвара Грачеваны ұтты – 6:3, 6:2.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу