Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды

503

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бір жылда Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс және Майами турнирінің финалына шыққан алтыншы теннисші атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды Фото: bassport.kz

OptaAce сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакина атақты теннисшілер Моника Селеш, Штеффи Граф, Линдси Дэвенпорт, Мартина Хингис және Мария Шарапованың бірегей жетістігін қайталап отыр.

Атап айтқанда, Моника Селеш 1991, Штеффи Граф 1994, Мартина Хингис пен Линдси Дэвенпорт 2000, Мария Шарапова 2012 жылы Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс, Майами жарыстарының финалына шыққан еді.

Елена Рыбакинаның чехиялық Петра Квитовамен Майамидегі финалдық матчы 2 сәуірге қараған түнде Астана уақытымен сағат 01.00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу