Forbes USA 30 жасқа дейінгі Азия-Тынық мұхиты аймағының ең перспективалы өкілдерінің тізімін жариялады. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімдегі жастар – Олимпиада жеңімпаздары, үздік экожоба авторлары, жаңа технологияларға инвесторлар және соғыс қимылдары аумағында қалған адамдардың аман қалуына көмектескен жандар.
Тізімге енгендер қатарында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина да бар.
"Рыбакина ірі теннис титулын жеңіп алған алғашқы Қазақстандық теннисші. Өткен жылы шілдеде ол Уимблдон финалында жеңіске жетті. Қазіргі уақытта теннисші Дүниежүзілік теннис қауымдастығының әйелдер рейтингінде 6-орында және шамамен 10 миллион доллар жүлде алды. Рыбакина Ресейде дүниеге келген, бірақ бүкіл мансабын Қазақстан атынан өткізген. Ол матчтардан түскен табысының бір бөлігін жасөспірімдер теннисін дамытуға және Қазақстандағы иттерді құтқару бағдарламаларының жұмысына аударды", деп жазады Forbes USA.