Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты

257

Қазақстандық теннисші Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде өзін қолдаған барша жанкүйерге ризашылығын білдірді.

Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғысын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде өзін қолдаған барша жанкүйерге ризашылығын білдірді. 

"Баршаңызға, әсіресе, қазақстандық жанкүйерлерге мың алғыс. Сіздердің хабарламаларыңызды оқу, әлемнің түрлі елдерінде мінбелерден жанкүйерлерімді көру – маған ерекше қуаныш сыйлайды", - деп жазды Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында.

Елена Брисбен жарысының финалында әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, WTA додаларындағы алтыншы титулына қол жеткізген болатын.

Қазақстандық үздік теннисші осы аптада Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирінде бақ сынайды. Осы жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 61-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен шеберлік байқасады. Ол бүгін алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолиниді 6:3, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу