Киз Елена үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Осыған дейін үш рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Рыбакина брейк жасай алды – 5:3. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.
Екінші сетте Елена брейкпен алға шықты – 3:1. Дегенмен Киз қалыспады – 3:3. Есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық теннисші тағы бір брейкке қол жеткізді. Сосын матчты эйспен түйіндеді – 7:5.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездеседі.