Әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі екінші айналымда рейтингте 105-орында тұрған өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездесті. Алайда қарсыласы бірінші сетте 0:5 есебімен ұтылып жатып, матчты жалғастырудан бас тартты.
Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Рыбакина бір эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі. Польша өкілі екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичті 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Нинбода өткен осы турнирдің чемпионы атанған еді.