Қазақстанның бірінші, ал әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 брейкпен шектелді.
Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік айқасады.
Ол рейтингте 68-сатыдағы черногориялық Данка Ковиничті жеңді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу