Елена Рыбакина Ролан Гарростағы кезекті ойынына неге шықпағанын түсіндірді

1301

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Ролан Гарростағы кезекті ойынына неге шықпағанын түсіндірді Фото: reuters.com

"Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай. Мұндай кезде ойнау ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Қызу, бас ауруы әрі нашар ұйықтадым. Мұның белгілерін екінші айналымнан кейін сезіне бастадым. Сөйтіп жолым болмады. Көгал төсенішінде өтетін маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын", – деді арнайы баспасөз мәслихатында Рыбакина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу