Елена Рыбакина Старсбургтегі турнирдің екінші кезеңіне шықты

501

Францияның Страсбург қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда.  

Елена Рыбакина Старсбургтегі турнирдің екінші кезеңіне шықты

Аталған сында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды olympic.kz.

Елена Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Гретье Минненді жеңіп, екінші кезеңге өтті. Рыбакинаның келесі қарсыласы - франциялық Ализе Корне.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс алғашқы кездесуде америкалық Кристина Макхэйлды 2:1 есебімен жеңді. 

Ал Александр Бублик жарысты енді бастайды. Бубликтің қарсыласы – испаниялық Альберт Рамос-Виньолас. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу