Елена Рыбакина WTA рейтингінде орнын сақтап қалды

553

Қазақстандық теннисші Токиода өткен турнирдің жартылай финалында есе жібергеніне қарамастан, өзінің позициясын сақтап қалды.  

Елена Рыбакина WTA рейтингінде орнын сақтап қалды Фото: olympic.kz

WTA бойынша үздік үш теннисшінің есімі белгілі болды. Бірінші орында беларуссиялық Арина Соболенко тұрса, одан кейінгі орындарда польшалық Ига Швентек пен америкалык Кори Гауфф орналасты, деп жазады inbusiness.kz www.sports.kz порталына сілтеме жасап.

Тағы бір отандық теннисші Юлия Путинцева жеті позицияға алға жылжып, 68-орынға тұрақтады.

Жұптық сында бірінші орында бельгиялық Элиза Мертенс тұр, екінші орында америкалық Сторм Хантер, ал үштікті  Гауфф қорытындылады. Бұл тізімде еліміздің үздігі қатарында Анна Данилина тұр (32-орын). Ал Рыбакина 116-орында, Жібек Құламбаева 154-ші сатыға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу