Елена Рыбакина WTA ұсынған үздік спортшылар қатарына енді

1265

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны шілде айындағы жаңа есім аталымына ұсынды.

Елена Рыбакина WTA ұсынған үздік спортшылар қатарына енді

Рыбакинаның Bucharest Open турниріндегі сәтті ойыны көпшілік көңілінен шыққан, деп хабарлайды olympic.kz.

Атап айтар болсақ, румыниялық Патрича Мария Цигпен өткен финалдық сында Рыбакина қарсыласына бір де бір гейм бермеген болатын. Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті. 

Үміткерлер қатарында Фиона Ферро (Франция), Барбора Стрыцова, Каролина Мухова (екеуі де Чехия) бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу