Елена Зеленская Сербияға жұмыс сапарымен барды

225

Бірінші ханым Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен бірге келді. 

Елена Зеленская Сербияға жұмыс сапарымен барды Фото: TANJUG / STRAHINJA AĆIMOVIĆ

Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленская жексенбіде Белградқа келді. 2022 жылы Ресейдің толық шапқыншылығы басталғалы бері Украинаның жоғары лауазымды өкілі Сербияға алғаш сапар шегіп отыр, деп жазады Inbusiness.kz cайты.

Серб Президенті Александр Вучичтің әйелі Тамара Вучич пен Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның сүйемелдеуімен Елена Зеленская Сербияның астанасы мен Калемегдан бекінісін аралады. Бұл туралы Tanjug ақпарат агенттігі хабарлады.

Зеленская Белград пен Киев университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу