Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізу үшін Нью-Йоркке келді

667

Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізу үшін Нью-Йоркке келді

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов сенбі күні кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізу үшін Нью-Йорк қаласында келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақта алты раундқа америкалық Ноа Киддке қарсы кездесу 28-сәуір күні Нью-Йорк қаласында америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасында болатын бокс кешінде өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінде Қазақстан жерінде дүниеге келген, қазіргі уақытта АҚШ-та полиция қызметін атқаратын Диман Ниязов та өнер көрсетеді. 
"Нью-Йорк қаласына да келдім. "Барклай центрде" 28 сәуір күні Димаш екеуіміз өнер көрсетеміз", - деп жазды Елеусінов өзінің Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу