Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегі елімізде тікелей эфирде көрсетіледі

830

Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегі елімізде тікелей эфирде көрсетіледі

Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раундтық болады. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған. 

Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні "Казино де Монте-Карлодағы" бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

"Хабар" арнасындағы трансляция Астана уақытымен 01:00-де басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу