Елеусіновтың үшінші жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

776

Елеусіновтың үшінші жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Қазақстандық "Хабар" арнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегіне тікелей трансляция жасайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Елеусіновтың келесі жекпе-жегі тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Кардифтегі Ice Arena Wales алаңында болады.
Елеусіновтың қарсыласы - мажарстандық Габор Горбич. Қазақстандық екінші жекпе-жегін дәл осы боксшымен өткізу керек болатын, алайда, Горбичтің жарақаты салдарынан кездесу өтпей қалған еді. 
Жекпе-жектің дәл уақыт кейінірек белгіл болады.
Еске салайық, Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі Нью-Йоркте 28 сәуірде болған, ол кезде жерлесіміз америкалық Ноа Кидді (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта нокатуқа түсірді. Екінші жекпе-жек Лондонда өтіп, төрешілер шешімімен мажарстандық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді. Қазақстандықтың ісін Эдди Хирнға тиесілі британиялық Matchroom промоутерлік компаниясы жүргізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу