Елеусіз санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлерді жазаламау ұсынылды

751

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов осындай ұсыныс білдірді.  

Елеусіз санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлерді жазаламау ұсынылды

Оның айтуынша, бас дәрігер бекіткен қаулыны ұстанған жөн, алайда ондағы жалпы талаптар кей бизнес субъектілерін шығынға батыруда. Жауапты органдар жұмыс тәртібіне қарамастан барлығын бірдей жазалауда. Себебі әкімшілік кодекстің 462 бабында алдын-ала ескерту қарастырылмаған.

Заң бойынша тек 270 мыңнан 1 млн 400 мың теңге аралығында айыппұл салынады. Осыған орай, Рустам Жүрсінов адам өміріне қауіп төндірмейтін заңсыздықтар үшін бірден жазаламай, оны түзетуге мүмкіндік беруді сұрауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу