Елге бидай әкелуге салынған шектеу жыл соңына дейін ұзартылды

232

Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген. 

Елге бидай әкелуге салынған шектеу жыл соңына дейін ұзартылды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанға барлық көлік түрлерімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға 6 айға ұзартылды. 

"Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу