ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Заңдастыру процесінде елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автомобильдер анықталды. Бұл көліктер кедендік тазартудан және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы тексеруден өтпеген. Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеуде. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды", – деді спикер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу