Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келуде, қаражаттың алғашқы легі келіп түсті, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов, деп жазды inbusiness.kz.
"Қазір сатып алдық, алғашқы партия келіп жетті, сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады", – деді Пірматов.
"Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша "қауіпсіздік жастықшасы" болу үшін жасаймыз, егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпей қалса, береміз", – деп қосты спикер.
Бұған дейін, Қазақстанның Ұлттық банкі Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.