Елге келетін азаматтардан ПТР-тест анықтамасын талап ету алына ма?

643

Қазақстанда неліктен экспресс-тесттер кеңінен қолданылмайды, басқа да маңызды мәселелерге Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елге келетін азаматтардан ПТР-тест анықтамасын талап ету алына ма?

"ПТР сертификаты 72 сағат бойы жарамды. Егер сізде вакцинация, ревакцинация төлқұжаты болмаса, шет елде болсаңыз, онда өзіңізбен бірге ПТР сынамасының нәтижесі болуы керек", – деді Денсаулық сақтау министрі. 

Бұл ретте ол елге кіру шарттарын еске түсірді. Айта кететіні, бұл талаптан 5 жасқа дейінгі балалар босатылады.

Министрге "біздің ел неліктен сыртқы экономиканы осылай қаржыландырады? Сырт елде шетелде тест бағасы жоғары ғмес пе?" деген сұрақ қойылды.

Бұған Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов "мәселені басқа қырынан қарау керек" деп жауап берді. 

"Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу арқылы қазақстандық ақшаны қаншалықты үнемдеуге болатынын ойлауымыз керек. Коронавирустық инфекция әлемде жойылған жоқ және біз 24 сағат ішінде оның бүкіл континенттерге таралып, әлемнің кез келген жерінде аяқталуы мүмкін екенін білеміз, жұқпалылық азаймай отыр. Сондықтан шара негізді", – деп жалғады спикер.

Сондай-ақ тілшілер Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығынан Қазақстанда неліктен диагностика үшін тек ПТР-тесті қолданылатынын сұрады, себебі бұл қымбат және көп уақытты алады. Ал әлем елдерінде қазірдің өзінде экспресс-тестер қолданылуда.  

Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы. Экспресс-тесті тек шұғыл ауруханаға жатқызу жағдайында ғана қолдануға болады.

"Диагностика үшін, тек ПТР сынағы қолданылады, біз бұл тәжірибені ұстанамыз", – деді спикер

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу