Елге келген мамандардан кеткендер саны 3,5 есе көп

1066

Мамандар Қазақстанда жұмыс істегісі келмей ме?

Елге келген мамандардан кеткендер саны 3,5 есе көп

2020 жылы пандемия салдарынан шекаралар жабық болған күннің өзінде Қазақстаннан 29,1 мың адам кеткен. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда 35,6% аз болуы түсінікті. Бірақ 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР-дан кеткендердің саны тұрақты өсіп отырған, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, елге келгендердің саны әдеттегідей азайды. 2020 жылы бар болғаны 11,4 мың адам қазақстандық атанған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,6% аз.

2020 жылы елден кеткен мамандар саны 15,6 мың. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 30% аз. Келгендер саны – 4,4 мың адам. 2019 жылға қарағанда 7% аз.

Карантинмен өткен 2020 жылы да ҚР-дан кеткен мамандар мамандықпен келгендерден 3,5 есе көп. Ал "дағдарысқа дейінгі" 2019 жылы ҚР-дан кеткен мамандар келгендерге қарағанда бірден 5 есе артық болды.

2020 жылы Қазақстаннан кеткен мамандардың көпшілігі техникалық мамандық бойынша жұмыс істеді (4,5 мың адам), одан кейінгі орында экономистер (2,3 мың адам) мен педагогтар (1,5 мың адам) жайғасқан.

Керісінше елге 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында "техниктер" (834 адам) мен экономистер (431 адам) 5,4 есе, педагогтар (366 адам) 4 есе аз келді. Кеткендер мен келгендердің арасындағы айтарлықтай айырмашылық заңгер (4,7 есе) және сәулетші-құрылысшы (4,4 есе) сияқты мамандықтар бойынша да байқалды.

Өңірлерге бөліп қарастырғанда  мамандардың неғұрлым көп кетуі Қарағанды облысында байқалды. Көмірлі өңірден 2,3 мың адам шекара асса, білікті кадрлар 13,4 есе аз келді. Шығыс Қазақстан (2 мың адам) мен Қостанай (2 мың адам) облыстарының мамандары да көптеп кетіп жатыр.

Айта кету керек, ҚР үш өңірінде жағдай керісінше. Яғни келген мамандар саны кеткендер санынан асып түседі. Бұл Маңғыстау облысы (6,5 есе), Шымкент қаласы мен Түркістан облысы (2 есеге жуық).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу