Төрағалық етуші судья Ернар Қасымбеков "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сәриевті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы ("Бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасының 5/1 бөлігі кешірілді. Түпкілікті жаза – 3 жыл 8 ай.
Сот "MM Travel" туристік компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваны да осы бап бойынша кінәлі деп таныды. Оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушыға Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасының 3/1 бөлігі кешірілді. Түпкілікті жаза – 3 жыл.
Судья ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігі бойынша Ақтоты Дүйсееваның баласы 14 жасқа толғанға дейін, яғни 2028 жылға дейін жазасы кейінге шегеру туралы шешім шығарды.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің материалдық шығынды өтеу туралы талаптары қанағаттандырылды.