"Елге көмек" қорының басшысы 26 айыптың тек алтауын мойындады

140

Қалған жағдайларда өздерін кінәсізбіз деп отыр.

"Елге көмек" қорының басшысы 26 айыптың тек алтауын мойындады Фото: Ақ Жайық

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сәриев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялағаннан кейін, судья Ернар Қасымбеков айыпталушылардан кінәні қаншалықты мойындайтынын сұрады. Тергеу барысында олардың атына байланысты 26 эпизод тіркелген.

Сәриев бұл істердің тек алтауы бойынша ғана кінәсін мойындады. Ал Дүйсеева "MM Travel" туристік фирмасына қатысты эпизодтар бойынша айыпты екенін растады. Қалған жағдайларда өздерін кінәсізбіз деп отыр.

Екі айыпталушыға да ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігінің 4-тармағы ("Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша айып тағылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу