Елге оралған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

949

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында жүрген әйелдер туралы осылай деді.

Елге оралған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

От пен оқтың ордасына айналған қақтығыс аймақтарында 300-ден астам қазақстандық жүр. Бұл туралы сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарының мәліметінше, оның 100-ге жуығы қолына қару алып, содырлар қатарына қосылған. Нұрғали Білісбеков Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша барын айтты. Әйелдердің көбі шекараны заңсыз кесіп өткен күйеулерінің соңынан кеткен.

"Елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар да бар. Дегенмен, бүгінгі күні қақтығыс аймағында қазақстандық әйелдер әлі де жүр деген мәлімет бар. Біз олардың әрекеттеріне қылмыстық құқық тұрғысынан баға береміз. Сондықтан елге оралған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – дейді Нұрғали Білісбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу