Елге шегіртке қаптатып алғанымызды жасырмаймыз – вице-премьер

211

Шегірке ұшып-қонған сайын үлкен аумақтарға жұмыртқа тастайды.

Елге шегіртке қаптатып алғанымызды жасырмаймыз – вице-премьер Фото: Үкімет

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен брифингіде БАҚ өкілдері Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннен Қазақстанға қаптаған шегірткенің астық нарығына әсері қандай болатынын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, шегірткенің астыққа тигізер зияны ұшып келген санына емес, жұмыртқа салған аумағына байланысты.

"Шегірткеге қатысты айтсақ, былтыр біз жіберіп алдық. Оны жасырмаймыз. Шегіртке қаптап кетті. Жалпы ұшып жүрген шегіртке қауіпті емес. Түптеп келгенде қазір Еуропада, Америкада ұшып жүрген шегірткемен ешкім жұмыс істемейді. Біз Қазақстан ғана жұмыс істейміз. Неге? Өйткені олар ұшып-қонған сайын үлкен аумақтарға жұмыртқа тастайды. Былтыр қосымша 1 млн гектар аумаққа шегіртке тарады. Оның алдындағы 1,5 млн гектарды қоссақ, 2,5 млн гектар аумаққа тараған болып отыр", - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан шегірткемен күреске алғаш рет дрондар пайдаланып бастағанын еске салды.

"Биыл бюджетке санитария мақсатындағы 100 барлаушы дронның сметасын енгіземіз. Бұл аталмыш жұмысты жолға қою үшін қажет", - деді С.Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу