"Сіздің Мәдениет министрі болып тағайындалуыңыз халыққа, оның ішінде шығармашылық адамдарына тосын жаңалық еді. Тағайындалуыңыздың себебін түсіндіріп бересіз бе?", – деп сұрады Orda.kz тілшісі.
"Шешімді президент қабылдады. Бұл жерде менеджерлік қасиетке мән берген болар деп ойлаймын, өйткені мен ішіндегі бір жеке салаға жақын емеспін, бәріне бірдей қараймын, сондықтан барынша пайда әкелемін", – деді Абаев.
Оның айтуынша, проблема деген барлық салада бар, экс-министр Ақтоты Райымқұлова "үлкен жұмыстар атқарған".
Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарды, Президент әкімшілігінде басшының орынбасары болып жұмыс істеді. Биыл қаңтар оқиғаларынан кейін үкімет отставкаға кеткенде, ол кенет Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Райымқұлованың орнына келді.