Еліктерді атқан браконьерлер ұсталды

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еліктерді атқан браконьерлер ұсталды Фото: Полиция департаменті

Павлодар облысы Мичурин ауылының тұрғындары демалыс күндері Ертіс өзенінің алқабында аң  аулап жүрген екі адамды байқап, дереу құзырлы органдарға хабарлаған. Белгілі болғандай, бұл күні браконьерлер 12 елікті атып, мүшелеп үлгерген, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Ертіс өзенінің алқабы аса қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда рұқсатсыз аң аулауға болмайды. Соған қарамастан, жергілікті екі тұрғын еліктерді атып, заңсыз әрекетке барған. Тұрғындар дереу құзырлы органдарға хабарласып, полиция қызметкері мен орманшы аталған аумаққа барған. Сол тұста олар браконьерлерді қолды етті.

"Тұрғындардың бей-жай қарамауының нәтижесінде заңсыз аң аулаудың жолы кесілді. Оқиға орнынан 12 елікті еті, қарда жүретін көлік пен бес қару тәркіленді", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 3-бөлімі 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу