Еліміз 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды

809

Еліміз 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды

Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрдің айтуынша, феррохромды 188 мың тоннаға 21% заттай артығымен экспортталған, дегенмен ақшалай экспорттық түсім 15 млн долларға төмендеген, катодты мыстың экспорты физикалық көлемде 36 мың тоннаға өскен, бірақ төмендеген құндық мәні  90 млн АҚШ долларынан астам. (Катодты мыстың экспорттық бағасы орташа есеппен 950 долларға, сары фосфор 1400 долларға төмендеді.)

Осыған байланысты Қытай, Иран, Түркия нарығына шығу жөніндегі, сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттық келісімдерді қаржыландыру, шығынды өтеу келісімдерін жүзеге асыру жолымен экспорттаушыларға көмектесу жұмыстары күшейтілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде электротехника (+38,8%-тен 134,3 млн долларға дейін), дайын металл бұйымдары (+11,4% 92,2 млн долларға дейін), резина және пластмасса бұйымдары (+14,5% 55 млн долларға дейін), құрылыс материалдары (+43,6%-тен 50,2 млн долларға дейін), және тағы басқа дайын өнім экспорты артатын болады.   

Сондай-ақ, Ж. Қасымбек аталған жұмысты күшейту үшін ҚР Үкіметі жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес, ал КазЭкспортГарант базасында мамандандырылған ұлттық компания "KAZAKH EXPORT" құрылғанын айтып өтті.

Жалпы, 2017 жыл өңделген экспорт өсімінің қалпына келген жылы болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу