Еліміз әлеуметтік маңызы жоғары агроөнеркәсіп өнімдерін Өзбекстаннан импорттауға мүдделі – Мемлекет басшысы

214

Өз кезегінде Қазақстан өзбек еліне ұн мен бидай экспорттауды жалғастырады.

Еліміз әлеуметтік маңызы жоғары агроөнеркәсіп өнімдерін Өзбекстаннан импорттауға мүдделі – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы 1,7 млрд долларға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқыладық. Былтыр осы саладағы тауар айналымы 1,7 млрд долларға жетті, бұл жалпы сауда-саттықтың шамамен үштен бір бөлігі деген сөз. Еліміз әлеуметтік маңызы жоғары агроөнеркәсіп өнімдерін Өзбекстаннан импорттауға мүдделі. Сонымен қатар өзбек еліне ұн, бидай және өзге де азық-түлік өнімдерін экспорттауды жалғастыра береміз", - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөз барысында "Орталық Азия" өнеркәсіптік кооперация халықаралық орталығы туралы да айтылды.

"Бұл орталық екі елдің шекарасында салынып жатыр. Оны тездетіп іске қосу аса маңызды, себебі аталған жоба өзара сауда-саттықты арттыруға зор ықпал етеді. Экономикалық қарым-қатынастың тірегі – өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық, біз бұған баса мән беріп, жаңа әрі ауқымды жобаларды қолға алу қажет екеніне назар аудардық. Ортақ инвестицияларымыз да аз емес. Қазір жалпы құны 3 млрд доллардан асатын 70-ке жуық жоба бар. Машина жасау, металлургия, автокөлік құрастыру, тұрмыстық техника өндіру, тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика және басқа да бағыттағы жобалар табысты іске асырылып жатыр. Мұның бәрі екі елге 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Энергетика, коммуникация, ғарыштық технологиялар, цифрландыру сияқты салалардың әлеуеті мол. Біз осы бағыттағы серіктестікті нығайтуға баса назар аударып отырмыз", - деді Қазақстан Президенті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу