Еліміз арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері тиелген пойыз жөнелтілді

1114

Халықаралық контейнерлік пойыз қытайлық Сиань қаласынан шығып, "Қорғас-шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портында қайта тиеліп, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Дуйсбург қаласындағы (Германия) белгіленген станцияға  бағыт алды.

Еліміз арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері тиелген пойыз жөнелтілді

Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері артылған пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды "ҚТЖ" баспасөз қызметі

Қытайда шоғырландырылған Nippon Express жапондық компанияның жүктері тиелген бірінші контейнерлік пойыз 20 желтоқсанда жолға шыққан.

"KTZ Express" АҚ ұйымдастырған халықаралық контейнерлік пойыз қытайлық Сиань қаласынан шығып, "Қорғас-шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портында қайта тиеліп, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Дуйсбург қаласындағы (Германия) белгіленген станцияға  бағыт алды.

Құрамында 41 контейнері бар контейнерлік пойыз он мың шақырымды еңсереді. Пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне 1 мың шақырым.

Келесі жылдан бастап Сиань-Дуйсбург контейнерлік сервисін тұрақты апта сайынғы негізге өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Қиыр Шығыстан Қазақстан арқылы Орталық Азия елдері мен Түркияға тестілік жөнелтілім ұйымдастырылмақ.

Биылғы жылдың қарашасында Шанхайда "KTZ Express" мен Nippon Express арасында агенттік келісімге қол қойылды. Құжат ТМД, Орталық Азия, Еуропалық одақ елдері және Жапония арасында Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік жүктерді тасымалдау, тасымалдау көлемін арттыруға және ыңтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу