АШМ мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егілген аумақ көлемі – 22,2 млн га (2018 ж. деңгейден 206 мың га немесе 0,9%-ға артық) құрайды. Дәнді дақылдар – 15,4 млн гектар (оның 11,4 млн гектары – бидай), майлы дақылдар 2,9 млн гектар алаңда, мақта – 131,1 мың гектарға, қант қызылшасы – 19,6 мың гектарға, картоп пен көкөніс-бақша дақылдары – 452,4 мың гектарға, азықтық дақылдар – 3,3 млн гектарға егілген.
Жамбыл (99,6%) және Түркістан (100%) облыстарында дәнді дақылдарды жинау аяқталу сатысында. Бұл өңірлер бойынша астық түсімі орта есеппен 19 ц/га құрады. Жалпы еліміз бойынша 4,5 млн га аумақта дәнді дақылдар жиналды – 22,8%. Орташа түсімділігі 11,5 ц/га болғанда 5,2 млн. тонна астық бастырылды.
Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін қажетті 395 мың тонна жанар-жағар май бөлінді (ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін орташа бағасы 179 теңге/литр). Орташа орындалу пайызы – 50%.