Алматы айыппұлдар саны бойынша көш бастады

2023 жылдың 8 айында 6,8 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Алматы айыппұлдар саны бойынша көш бастады Фото: Martebe.kz

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәлімдеді. 

5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді.

Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% құрады.

Ең көп айыппұл салынғандар:

  • Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді.
  • Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді.
  • Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.
  • Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған.

Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу