Еліміз бойынша әрбір екінші баланың омыртқасы қисайған

2012

Еліміз бойынша әрбір екінші баланың омыртқасы қисайған

Жақында ғана дәрігерлер дабыл қақты. Омыртқа жотасы қисайған балалар көбейген. Бұл соңғы он шақты жылда күніне 5 кг-нан артық сөмкені көтере бастаған балалардан байқалып отыр, деп хабарлайды elorda.info.
Балалардың омыртқа жотасы­ның қисаюы, әсіресе, мектеп оқушы­ларының арасында жиі кездеседі екен. 
"Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Біздегі балалар 1-сыныпқа 6-7 жастарында барады. Ал бұл жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Бұл уақытта омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы пайда болады. Көрдіңіз бе? Міне, дәл осы кезде баланы көп ауыр заттардан сақтау қажет. Ал біз оларға ауыр сөмкені арқалатып, ауруды қолдан жасап отырған сияқтымыз", - дейді ортопед-дәрігер Ырымгүл Хасенқызы.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша әрбір екінші баланың арқа омыртқасы қисайыпты.
Ресейлік мамандар біздің бүгінгі көтеріп отырған мәселемізді әлдеқашан қолға алып қойған. Яғни, онда сөмкедегі заттың салмағы оқушы салмағының оннан бір бөлігі болуы шарт. Балаңыз 25 келі тартса, сөмкесінің салмағы да 2,5 келіден аспауы керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болады екен. Ал бізде арнайы бекітілген стандарт жоқ. Тек министрлік өкілдерінің ара-тұра "Бастауыш сынып балалары сөмкесінің салмағы 1,5-2,5 кг-нан аспауы керек" деген уәждерін ғана есітіп келеміз.
Америкадағы Педиатрлар акаде­миясының зерттеу жұмыс­тарына сәйкес, мектеп сөмкесі салмағының көрсеткіштері 1-сынып – 1,2 келіге дейін, 2-сынып – 1,6 келіге дейін, 3-сынып – 2,3 келіге дейін, 4-сынып – 2,6 келіге дейін болып, 9-11-сынып оқушыларының өзі 4 келіге дейін ғана салмақты көтеруге болады екен. Ал бізде 1-сыныптың баласының өзі америкалық жоғары сынып оқушыларынан екі есе салмақты арқалап, арқа омырт­қасын қисайтып, жасына жетпей ауруға шалдығып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу