ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жылыту маусымына дайындық туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, тиісті жұмыстар жүйелік оператормен бекітілетін кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл электр станцияларында 10 энергоблокта, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар аяқталып келеді. Электр желілері бойынша да осындай жоспар бар.
"Жылыту маусымын бастауға қазандықтар мен турбиналар дайын. Мысалы, Павлодар облысында әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Бұл барлық құралдардың дайындығының дәлелі", - деді спикер.