Еліміз бойынша қанша шақырым жол жөнделеді?

535

Қазір қайта жөндеу бойынша 17 жоба жүзеге асырылып жатыр.  

Еліміз бойынша қанша шақырым жол жөнделеді? Фото: ortcom.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жөнделетін жолдар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізіліп жатыр (республикалық желінің 7 мың шақырымы және жергілікті желінің 4 мың шақырымы). Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады", - деді Амангелді Беков Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол атағандай, жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрімен 4 мың шақырым жол қамтылмақ, соның 3 мың шақырымы аяқталады.

"Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдың үлесі республикалық желі бойынша 92%-ға және жергілікті желі бойынша 87%-ға дейін жеткізіледі. Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады", - деді А.Беков.

Жалпы елімізде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар, 71 мыңы - жергілікті облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу