Еліміз бойынша Маңғыстау облысында қылмыс деңгейі төмен

1449

Еліміз бойынша Маңғыстау облысында қылмыс деңгейі төмен

Маңғыстау облысына  қызметтік сапары барысында ҚР  Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов аймақтағы  полицияның жедел-қызметінің қорытындысы және  келешектегі басым міндеттеры туралы Жедел кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жиында Маңғыстау облысы ІІД бастығы полиция полковнигі  Қайрат Дәлбеков  облыс бойынша шұғыл ахуалды  қысқаша айтып өтті. Баяндамада  көрсетілгендей,  Маңғыстау облысында қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде жылдың қорытындысымен қылмыстың барлық түрлері бойынша  дерек азайған, оның ішінде  аса-ауыр - 2,0%, ауыр – 0,6%, орташа ауыр –1,9%, ауыр емес – 16,7%, сонымен қатар, қарақшылық – 34,6 %, тонау – 20,3%, бопсалаушылық – 14,1%, айдап әкету – 43,8 % және бұзақылық – 33,0% төмендеді.

Сонымен бірге  аймақтағы жалпы қылмыстылық деңгейі Республика бойынша ең төменгі болып қалады, 103 қылмыс 10 мың тұрғынға (орта республикалық көрсеткіште – 194) келеді. Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтаудың 65 фактіге (172-ден 237-ге дейін) дейін жақсарғанындығы, алынған есірткі құралының жалпы санының 7,5 есеге артқандығы байқалды.

Қайрат Дәлбеков аймақтағы криминогендік ахуалдың тұрақтылығына  полиция қызметінің материалды-техникалық базасын күшейту де ықпал ететіндігін атап өтті. Бір жыл ішінде арнайы  автокөліктің 45  бірлігі, 217 портативті және 40 автомобильді бейнебақылау алынды.

Облыс бойынша 172 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың көмегімен 210 қылмыс ашылып, 30 мың 271 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің  қолдауымен Ақтау қаласындағы 22 шағын ауданға қосымша 500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.

Жиналыста ІІД бастығының орынбасарлары, аумақтық бөліністер басшыларының да баяндамалары  тыңдалды.

Министрдің орынбасары департаменттің жеке құрамына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  ІІМ іске асырылуға тиіс шаралары туралы тапсырмасын атап өтіп, өткен және ағымдағы жылда қабылданған жаңа заң нормаларына толығырақ тоқталды. 

"Полиция қызметіндегі негізгі бағыт – азаматтарды қылмыстық әрекеттерден сенімді түрде қорғау және құқықтық тәртіпті жоғары деңгейге көтеру", – деп атап көрсетті Б.Бисенқұлов.

Жиналыста Б.Бисенқұлов облыстың ІІД басшылығы мен оның аумақтық бөліністеріне ішкі істер органдарының қызметінің барлық бағыты бойынша нақты міндеттер, соның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу, оның алдын алу, жеке құрамның тәртібін күшейту шаралары бойынша тапсырмалар берді.Сондай-ақ Б.Бисенқұлов рақымшылыққа байланысты жазасын өтеуден босатылғандарды оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелеріне аса назар аударуды атап көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу