Еліміз бойынша медициналық мекемелерге 73,5 млн теңге айыппұл салынды

630

Былтыр техникалық реттеу және метрология комитеті және оның аумақтық департаменттері медициналық мекемелерге 671 тексеріс жүргізді.  

Еліміз бойынша медициналық мекемелерге 73,5 млн теңге айыппұл салынды Фото: Inbusiness.kz

Нәтижесінде 104 медициналық мекемеде 6 мыңнан аса сенімсіз өлшеу құралы пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Еліміздегі емханалар, ауруханалар, әскери госпитальдар мен лазареттерге 73,5 млн теңге айыппұл салынды. Оның ішінде қан қысымын өлшейтін құралдар, өкпені жасанды желдету аппараттары, дифебриляторлар және жаңа туған нәрестеге арналған инкубаторлар да бар.

"Медицинада өлшеу құралын уақтылы тексермеу бұрыс өлшеу нәтижесіне әкелуі мүмкін. Бұл қате диагнозға әкелуі ықтимал және өмірге қауіп төндіреді", - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу