"Халық заңгері" акциясы "Гинесстің рекордтар кітабы" өтініміне енгізілді, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.
Комитеттің құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі СҚО бойынша басқарма қызметкерлері Петропавл қаласында және облыста, аудандарда өткен "Халық заңгері" республикалық акциясына белсене қатысты. Акцияны zakon.kz порталы, "Параграф" АЖ, еліміздің жетекші заңгерлері ұйымдастырған.
Тегін заңды көмек көрсету мақсатында облыстың мемлекеттік органдарының 34 өкілі, сонымен бірге прокурорлар, нотариустар, медиаторлар және сот орындаушылары өтініштермен келген азаматтарды тыңдап, құқықтық сұрақтар бойынша 500 келушіге толық түсініктеме мен кеңестер берді.
Бұл іс-шара тек СҚО-да емес, еліміздің 19 қаласында жүргізіледі. Бір уақытта мыңға жуық әр түрлі сала мамандары мен сарапшылар азаматтарға көмек көрсетеді. "Халық заңгері" жалпыреспубликалық штабы аталған іс-шараны "Халыққа бір мезгілде ең үлкен тегін заң консультациясы" номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге өтінім берді.
Өтінім қабылданды және қарауға алынған.