Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні 7 376,9 мың гектар жерге егін себілді.
Шаруалар 17,1 млн гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді, 8,1 млн гектарда егіс алдындағы топырақ өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда:
- Ақмола облысында – 1 599,3 мың га;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 013,5 мың га;
- Қостанай облысында – 745,3 мың га;
- Павлодар облысында – 610 мың га;
- Қарағанды облысында – 548,1 мың га жерге егін егілді.
"Дақылдар құрылымы бойынша: дәнді дақылдар – 4 645,9 мың га, майлы дақылдар – 1 658,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 475,5 мың га, көкөністер – 101,7 мың га, картоп – 77,4 мың га, бақша дақылдары – 78,9 мың га, мақта – 141,2 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, күріш – 52,3 мың га және басқалары", - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада.
2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 010,5 мың тоннаға жеткізуге шарттар жасалды.
"Биылғы жылға тұқымға қажеттілік – 2,3 млн тонна, 100% көлемде дайындалды. Толық сараптамаға 2,1 млн тонна тұқым тапсырылып, оның 1,9 млн тоннасы тексерілді, тексерілген тұқымның 99%-ы кондициялы деп танылды", - дейді мамандар.