Еліміз бойынша шілде айының онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

130

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Еліміз бойынша шілде айының онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды тұрақты түрде жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы онкүндікте 6 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамти отырып, 145 профилактикалық іс-шара өткізілген.

– Астана қаласында полиция қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйін тексеру барысында одан салмағы 245 грамм 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcі тәркіленді. Күдікті оны қала аумағында өткізбек болған.

Шілде айының бірінші онкүндігінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөліністермен өзара іс-қимыл жасай отырып, барлығы 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 86 қылмыстық терісқылық және 101 қылмыс бар. Он күн ішінде есірткіні сатудың 46, аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егудің 40 фактісінің жолы кесілді.

Сондай-ақ есірткі контрабандасының 4 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 266 кг прекурсор мен 760 кг есірткі, оның ішінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударылуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу