Еліміз бойынша жалғыз Қарағанды облысында пошта дронмен жеткізілуде

976

Еліміз бойынша жалғыз Қарағанды облысында пошта дронмен жеткізілуде

Енді пошта дронмен жеткізіледі. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Бауыржан Сапаргелдіұлы Өтепбаев айтты, деп хабарлайды atr.kz.

"Қазіргі кезде дрон ұшқыш аппараты арқылы шалғай аудандармен байланысуды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні еліміз бойынша жалғыз Қарағанды облысы ғана бұл қондырғыны жүзеге асырып келеді. Біз әлі жетілдіріп, жан-жақты талқылаудан өткізудеміз. Әзірге әр аудан бойынша шалғай елді мекендерге аптасына бес рет автокөліктер қызмет етеді. Қыстағы боранда, жазғы аптап ыстықтарда, жаңбырлы күндері дронның пайдасы өте зор. Ескеру керек, бұл қондырғыны екі елді мекеннің арақашықтығы 100 шақырым болғанда пайдаланамыз", - деді Бауыржан Өтепбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу