Еліміз былтыр сыртқы нарықтарға күміс жеткізуді 9%-ға қысқартқан

1013

Еліміз былтыр сыртқы нарықтарға күміс жеткізуді 9%-ға қысқартқан

Дегенмен аталмыш метал түрін экспорттауда 21,2%-ға артық пайда тапқан. Бұл туралы energyprom.kz жазып отыр.

2015 жылы айтарлықтай өсім көрсеткен күміс өндірушілер, 2016 жылы көрсеткішті 9,6%-ға төмендетті.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсанына өңделмеген және жартылай өңделген күміс экспорты, сондай-ақ ұнтақ түріндегі күміс 1,17 мың тоннаға және 584,6 млн АҚШ долларына жетті. Еліміздің сыртқы нарықтарға жеткізу заттай сипатта 8,8%-ға қысқарған, бірақ ақшалай сипатта 21,2%-ға өскен.

Қазақстанның күмісін импорттаушы басты ел Ұлыбритания  болып отыр. Сондай-ақ 2016 жылы Италияға да жеткізіле бастады (дегенмен оның көлемі күміс экспорының бар болғаны 0,002%-ын құрайды). 2015 күміс Гонконгке де экспортталды.

Жалпы экспорт көлемінде күмістің үлесі 2015 жылғы 1%-бен салыстырғанда 2016  жылы 1,6%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу