Еліміз Doing Business рейтингінде 6 орынға жоғарлады

1112

Еліміз Doing Business рейтингінде 6 орынға жоғарлады

Қазақстан биылғы Doing Business рейтингінде 41-орыннан 35-орынға бір-ақ көтерілді, деп хабарлайды  "ҚазАқпарат".

Doing Business көрсеткіштері бойынша, Қазақстан, Бруней, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Грузия, Пәкістан, БАӘ және Бахрейн 2015-2016 жылдары экономикасы елеулі ілгерлеген мемлекеттер қатарына енді.

Биылғы рейтингте Жаңа Зеландия көш бастап, ондаған жыл бойы көш басын бермеген Сингапурды екінші орынға ығыстырды. Сонымен бірге, үздік ондықта Дания, Гонконг, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония елдері бар.

Қазақстан Жапония мен Румыния арасынан орын алса, Беларусь 37-орын, Армения - 38, Ресей - 40, Қырғызстан - 75, Өзбекстан - 87, ал Тәжікстан - 187-орынға тұрақтады. Doing Business баяндамасы осымен 14-рет жарық көрді және 190 мемлекетті қамтыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу