Еліміз экономикалық әріптестік және даму ұйымының инвестиция комитетіне мүше болып кіреді. Бұл турасында бүгін Астанада өткен қоғамдық кеңесте белгілі болды. Осылайша, Қазақстан Еуропалық ұйым қойған негізгі талаптарды орындай білді. Оның ішінде ең негізгісі Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Еуропалық одақ өкілдерінің айтуынша, соңғы бірнеше жыл бойы шағын және орта бизнестегі тәртіп бірізге келтірілген. Оның ішінде ауқымды жұмыстар негізінен Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында іске асырылған. Айта кетейік шағын және орта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен жүзеге асқан болатын.
"Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымының тәжірибесі жылдар бойы жиналды. Бұл адам құқықтары мен қауіпсіздік мәселесін жинақтаған ең тиімді құжат. Негізгі стандарттар бизнеске қатысты. Оның ішінде кәсіпорындардағы қауіпсіздік. Сондықтан тәртіпті бірегейлендіру жұмыстары әлі де жалғасын табады деп сенемін", - дейді Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеа.