Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев мемлекеттің eGov-тан бас тартуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы eGov республикада танымал екенін, қазақстандықтар оның көмегімен мыңнан астам қызмет түрін алатынын айтты.
Тілшілер eGov-тың орнын басқа жүйе баса ма әрі мемлекет одан бас тарта ма деп сұрады.
"Егер біз eGov-тың жұмысына қандай да бір сыртқы ұйымдарды тартатын болсақ, онда бұл қазақстандық компаниялар ғана болады. Қазір "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы eGov-пен өзі айналысып жүр. Егер де қосымша қызмет керек болса, онда біз конкурс арқылы жаңа компанияларды тартып, олармен жұмыс істейміз. Сомасы әлі белгісіз", – деді министр.
Айта кету керек, бұған дейін депутаттар каникулға кеткенін жазған болатынбыз.