Еліміз экологиялық таза өнім экспортын арттырмақшы

2449

Еліміз экологиялық таза өнім экспортын арттырмақшы

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылға қарай экологиялық таза өнім экспортын – 40%, ал биылғы жылы 10%-ға арттыруды көздеп отыр.  Бұл туралы  бүгін Үкімет үйіндегі брифингте ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлім етті.

Бірінші вице-министр Қайрат Айтуғанов қазіргі таңда аграрлық сала бойынша халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті инфрақұрылымдар арқылы өнімдердің қайта өңделуі деңгейін көтеру үдерісінің іске асырылып жатқанына тоқталып өтті.

"Бұл үшін былтырдан бері мақсатты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 15 мың ЖҚШ-ға қызмет көрсететін 157 кооператив құрылып үлгерді. Олардың кешенінде жүзден аса сүт қабылдау пункті және жеті мыңдай отбасылық мал бордақылау алаңдары ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы кооперативтер саны екі еселенеді. Алдағы бес жылда жарты миллионға жуық ЖҚШ мен шағын шаруашылық кооперативтер қызметімен қамтылады", – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бері еліміздің барлық аймақтарындағы ауыл тұрғындарына осынау ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және кооперацияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл үшін министрлік тарапынан АШМ қызметкерлері мен ғылыми ұйымдар өкілдерінен сарапшылар тобы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу