Бейсенбі күні ЭЫДҰ кеңесі Қазақстанның ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестиция және көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі декларациясына қосылуын мақұлдады. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасына еліміздің инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Хаиров жазып отыр.
Ол сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі комитетіне "Қауымдасқан мүше" ретінде енгенін мәлім етті.
"Қазақстанның инвестициялық ахуалы ЭЫДҰ жоғары стандарттарына сәйкес келеді", – деп атап өтті ол.
"Бұл Қазақстан үкіметі мен мемлекеттік органдардың инвестициялық ахуалды жақсарту үшін соңғы 5 жылда жүргізген реформаларына берілген жоғары баға. Ол жұмыс мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлі де жалғасын табады", – де жазды Хаиров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу