Биылғы жылдың 11 айында Қазақстанға Грузиядан 41 600 автомобиль кері экспорттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы экспорт көлемі – 735 млн АҚШ доллары, бұл былтырғы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары.
Қырғызстан – Грузиядан көлік экспорты көлемі бойынша көшбасшы ел. Онда 38 900 көлік жөнелтілген, олардың құны – 1,3 млрд АҚШ доллары. Импорт көлемі 197 млн АҚШ долларды құраған Әзербайжан үшінші орынға жайғасты.
Орталық Азия елдері бағытында қайта экспорттың айтарлықтай өсуі тіркеліп отыр. Тәжікстанға жөнелтілім алты есеге жуық, яғни 152 млн долларға дейін, Өзбекстанға жөнелтілім бес еседен астам өсіп, 72 млн долларға жеткен. Түрікменстанда күрт өсім байқалады, мұнда кері экспорт көлемі 26 есеге өсіп, 29 млн долларды тіркеген.
Алғашқы ТОП-10 көрсеткішке кіретін басқа елдердің қатарында Украина (15 млн доллар), Молдова (9 млн доллар) және Біріккен Араб Әмірліктері (12 млн доллар) бар.
Осылайша, 2025 жылдың 11 айында Грузиядан 2,6 млрд долларға бағаланған рекордтық 103 мың жеңіл автомобиль кері экспортталған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артық. Кері экспортталған бір автомобильдің орташа құны – 25 200 доллар.
– Осы кезеңде Грузия 3,5 млрд долларға 212 мың автомобильді импорттады, оның үштен екі бөлігі кейіннен кері экспортқа жіберілді. Ішкі нарықта 918 млн долларға бағаланған 108 мың автомобиль қалды, олардың орташа бағасы бір көлік үшін 8500 доллар болды, – делінген Грузияның Ұлттық статистика қызметі таратқан ақпаратта.