Яғни, Қазақстанның халықаралық банктен кезекті қарыз алуына төменгі палата өкілдері келісімін берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, қарыз туралы келісімге былтыр 12 желтоқсанда қол қойылған.
"Келісімнің мақсаты – ауылды елді мекендер тұрғындарының қызмет көрсетілмейтін және қызмет жеткіліксіз көрсетілетін аудандарында жоғары сапалы әрі тұрақты кең жолақты байланыс инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Қаржы министрлігі халықаралық банктен 275 млрд теңге сомасында қаржы алып, оны 11 жыл ішінде өтеуі керек.
Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Сенат Қазақстан Азия Даму Банкінен, Азия Инфрақұрылымдық Банкінен, сондай-ақ Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен жалпы сомасы 190 млрд теңгеге жуық қаражат тартуға арналған 3 құжатты мақұлдаған болатын.