Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

697

Өнімнің алғашқы партиясын жеткізу үшін қос ел келісімшартқа қол қойды. 

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

Уағдаластыққа сәйкес алдымен 500 тонна сиыр еті жөнелтіледі. Ол үшін ет комбинатында 120 бас ірі қара сойылады, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы өткен жылы 20 мың тоннаға жуық ет экспортталған. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық. Ал биыл кемі 30 мың тонна етті шетелге жөнелту жоспарланып отыр. Әсіресе, Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Вьетнам, Германия Кувейттен Қазақстан өніміне сұраныс артқан.

Бүгінде Қытаймен балық және ет өнімдерінің экспортын 30 пайызға дейін арттыру мақсатында келісім жасалды.

"Иранға Кеден одағының мүшесі болғандықтан, біз тиісті ветеринарлық талаптарды ұстануымыз керек. Ол дегеніміз, Иран мен Қазақстан Республикасының арасында ветеринариялық талаптарға сәйкестендірілген. Сертификаттарға қол қойылған", – дейді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Әбілқасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу